БОС ОРНЫНҒА КОНКУРС! » Жамбыльская область Сарысуский район Сш Абылайхана
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 40008
Есепші бөлімі:
+7(72634) 40008
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
май
2023

БОС ОРНЫНҒА КОНКУРС!

БОС ОРНЫНҒА КОНКУРС!

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданы білім бөлімінің Абылай хан атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі КОНКУРС жариялайды:

  • Конкурс Қазақстан Республикасы білім беру және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпаныдағы № 57 бұйрығының (19.11.2021.№568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
  • Бос орындар туралы хабарландырулар «Enbek.kz» сайтына жарияланды.
  • Конкурс төмендегідей уақытша бос орындарға жүргізіледі. 
  • Әлеуметтік педагог-1 бірлік. 
  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (уақытша)-16 сағат
  • 2023 жылдың 02 мамыр бен 12мамыр аралығында конкурсқа құжаттарды қабылдау жүргізіледі. 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

1.Жоғары педагогикалық білімі немесе «Әлеуметтік педагог» бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат. 

Лауазымдық міндеттері:


Ø  жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;

Ø   әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;

Ø  білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;

Ø  жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады; 

Ø  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

Ø  сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;

Ø  әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;

Ø   білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;

Ø  педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;

Ø  білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; 

Ø   білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;

Ø   білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.


Конкурс өткізетін орны:«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданы білім бөлімінің Абылай хан атындағы мектеп-лицейі» КММ ғимараты. 

Мекемені мекен-жайы: Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 6-шағын ауданы №20 үй. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданы білім бөлімінің Абылай хан атындағы мектеп-лицейі.

Анықтама  үшін байланыс телефондары:

4-00-08, 4-00-04. 

Қоңыраулар мен өтініштерді қабылдау уақыты: 09.00-18.00. Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

  • Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
  • Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  •  4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  • 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • 8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  •  10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Похожие публикации:

12 октябрь 2022 ВАКАНСИЯ ЖАРИЯЛАУ
02 сентябрь 2022 ХАБАРЛАНДЫРУ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив