Қамқоршылық кеңес
«САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Кезектен тыс болған педагогикалық кеңестің
№ 5 хаттамасы
(көшірме)
22.12.2018 ж Жаңатас қаласы
Төрайымы: К.Сарсекова
Хатшы: А.Алимбекова
Қатысқандар: 87 мұғалім
Күн тәртібінде
1."Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларымен" таныстырып, білім бөліміне қамқоршылық кеңес мүшесі болуға лайықты деп танылған азаматтардың тізімін ұсыну/ мектеп директоры-К.Сарсекова/
Тыңдалды:
К.Сарсекова –Бүгінгі пед кеңестің мәселесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің ұлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді. Қамқоршылық кеңестің жалпы ережелері 5- тараудан тұрады. Олар: 1. Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындау "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес болуы керек. Қамқоршылық кеңес құрылып, әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасап, кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылатыны туралы айтылған
2. Білім бөлімі Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарландыруды білім бөлімінің интернет-ресурсына орналастырды. Қамқоршылық кеңестің құрамын білім бөлімі бекітеді және мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылатыны айтылған.
Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:
1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;
3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);
4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беруұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;
5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).
Қамқоршылық кеңес отырысына осы мектеп атынан ұсынылатын қамқоршылық кеңесі туралы кімде қандай ұсыныс бар, түсінбеген сұрақтарыңыз болса сұраңыздар?
Ф.Бейсекеева – Қамқоршылық кеңес мүшесі қанша адамнан және мерзімі қанша жылды құрайды?
К.Сарсекова – Кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ, кемінде тоғыз адамнан және мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді. Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды және кеңестің төрағасы болып сайланбайды сонымен қатар міндеттерін жүзеге асырмайды. Кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын оның төрағасы кеңестің басшысы болып табылады. Төрағасы болмаған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа бірі жүзеге асырады, оны кеңес сайлаған хатшы қамтамасыз ететіні сонымен қатар кеңестің өкілеттілігі туралы келесі 3 – тарауда айтылған.
Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі. Мектептің білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыра отырып, ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы, бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстар, дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар, қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстарды әзірлейтіні айтылған.
А.Ыдырысбаева – Кеңес отырысына тоғыз мүшесі толық келмеген жағдайда, заңсыз болып табылады ма?
К.Сарсекова - Кеңестің төрағасының бастамашылығымен, 9 адамның 6-сы қатысса заңды болып табылады. Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге қамқоршылық кеңестің мүшелеріне отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылып хабарлама жолданады. Хабарламада күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, қажетті құжаттар қоса беріледі. Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Қамқоршылық кеңес мүшесінің өз дауысын басқа мүшесіне немесе адамға сенімхат бойынша беруге жол берілмейді. Дауыс беру кезінде бір дауысқа ие және шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылдайды. Кеңестің барлық мүшесінің қолы қойылған хаттамамен ресімделедіжәне ол, үш күннің ішінде білім бөліміне жолданады. Білім бөлімі өзінің интернет-ресурсында қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.
Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек ерікті түрде өтеусіз негізде көрсетіледі және осы Қағидаларда көзделген тәртіппен Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша жұмсалады. Ал, қайырымдылық көмектен аударылатын кез келген түсімдері, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшеде ашылған қайырымдылық көмектің қолма-қол ақшасын бақылау шотынабілім беру ұйымдары үшін – екінші деңгейлі банкте ашылған шотына аударылып, білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдауға, материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, спортты дамытуға, дарынды балаларды қолдауға және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс білім беру процесін ұйымдастыруға шығыстарды жүзеге асыру үшін және жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, білім бөлімінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат беретіні және кеңес жұмысын тоқтату туралы 5 – тарауда көрсетілген.
Білім бөлімінің бастамасы бойынша, мектепті таратуға және қайта ұйымдастыруға байланысты жүзеге асырылады.
Қамқоршылық кеңестің мүшесі, өз бастамасы бойынша, мектептегі орнында үш ай бойы болмауы себепті Қамқоршылық кеңестің құрамынан шығуы мүмкін.
Сөйлегендер:
А. Сарбасова - Қамқоршылық кеңес отырысының мүшелері толық өзгеретін болыпты ғой.
Мектепте тәрбиеленушілер мен білім алушыларға шын жаны ашитын, олардың өміріне немқұрайлы қарамайтын, әр ісіне жауапты ата-аналарыңызды ұсыныңыздар.
Г.Мейрамбекқызы - Менің сыныбымда екі ата-ана бар. Абдихаев Бақытжан – жеке кәсіпкер және Кузенбаева Айша - жұмыссыз.
А.Кенешбаева - Нұртаев Тастанбек-зейнеткер.Жиналыстардан еш қалған емес, құжаттарға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өміріне немқұрайлы қарамайды. Мен өзімнің тарапымнан осы кісіні ұсынсам бола ма?
Г.Қалдыбекова - Дұрыс. Қамқоршылық кеңес мүшесі мектепке жаны ашитын, бала өміріне үлкен жауапкершілікпен қарайтын ата-аналардың болғаны жақсы. Үй шаруасындағы Сабырбекова Баян менБекбергенова Шырынкүл деген кісілерді ұсынамын. Шырынкүл апай мен хатшы болайыншы деп отыр
А.Шарипбекова - Депутат Нагашыбек Раманов пен мектеп инспекторы Байшора Аяулым қамқоршылық кеңестің бір-бір мүшесі боламыз деп отыр, «Алуа» клуб мұғалімі Құтмағанбетова Аселханда бір мүшесі болуға келіседі деп ойлаймын.
М.Алиева – Менің сыныбымның белсенді ата-анасының бірі Досканова Айгүлді ұсынамын. Ол кісі жиналыстан қалған емес.
К.Сарсекова – Қамқоршылықкеңес отырысының жалпы ережелерін толық түсіндіңіздер ма? Қандайда бір түсінбей қалған кісілер болса сұрақтарыңызды болса қойыңыздар
С.Абатова – Қамқоршылықкеңестіңтөрағасы мемлекеттік органда жұмыс жасайтындар болмайды дедіңіз кеңестің төрайымы кім болды?
Тыңдалды:
К.Сарсекова – Жаңа айтып өткендей, мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды және кеңестің төрағасы болып сайланбайды сонымен қатар міндеттерін жүзеге асырмайды. Кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын оның төрағасы кеңестің басшысы болып табылады. Төрағасы болмаған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерінен басқа бірі жүзеге асырады, оны кеңес сайлаған хатшы қамтамасыз етеді. Бекбергенова Шырынкүл апай хатшы боламын деп отыр. Бәрі келіседі деп ойлаймын.
Қабылданған шешім:
2.Білім бөліміне қамқоршылық кеңес мүшесі болуға лайықты деп танылған азаматтардың тізімі ұсынылсын
Төрайымы: К.Сарсекова
Хатшы: А.Алимбекова