Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде референдумды 5 маусымға белгіледі. » Жамбыльская область Сарысуский район Сш Абылайхана
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 40008
Есепші бөлімі:
+7(72634) 40008
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде референдумды 5 маусымға белгіледі.
06
май
2022

Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде референдумды 5 маусымға белгіледі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамырда Конституцияға өзгеріс енгізу туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды. Референдум 5 маусымға белгіленді. Осы күні ол "Республикалық референдум туралы" конституциялық заңға өзеріс енгізу туралы заңға да қол қойған.
"Конституция реформасы мемлекеттің барлық моделін кешенді түрде трансформациялауға бағытталған. Өзгерістер "суперпрезиденттік" басқару формасынан ықпалды парламент пен жауапты үкіметі бар президенттік республикаға өтуді көздейді" деді Тоқаев 5 мамырдағы видеоүндеуінде.
Сәуірдің соңында Қазақстан халқы ассамблеясының жиынында Қазақстан президенті Конституцияға өзгеріс енгізу бойынша референдум өткізу жөнінде ұсыныс тастаған.
4 мамырда мәжіліс депутаттары "Республикалық референдум туралы" заңның бюллетень формасына қатысты тұстарына өзгеріс енгізген. Сенатқа жіберілген заң жобасында "Республикалық референдум туралы" заңның 3-бабының 2-тармағына өзгеріс енгізу туралы ештеңе айтылмаған. Заңның бұл бабы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесін бүкілхалықтық референдумға шығаруға тыйым салатын.
5 мамырда түске дейін сенат Назарбаевтың мәртебесін референдумда қарауға тыйым салатын бапты алып тастап, заң жобасын мәжіліске кері қайтарды.
Сол күні мәжіліс сенат енгізген өзгеріске жылдам келісім берді. 3-баптың 2-тармағының жаңа редакциясында тек "елдің тәуелсіздігі мен унитарлығы, оның аумақтық тұтастығы, бсқару формасы" республикалық референдумға шығарылмайды" деп жазылған.
5 мамырда президент референдум заңына өзгеріс енгізетін заң жобасына қол қойды.
Билік Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізуді көздейді. Конституцияға өзгеріс енгізу туралы ұсынысты Тоқаев наурыз айындағы халыққа жолдауында айтқан.
Кей тәуелсіз сарапшылар Тоқаев ұсынған "реформаларды" косметикалық деп атады. Конституциялық кеңес өкілдерінің айтуынша, бастама жүзеге асса, елдің "саяси жүйесі едәуір өзгеріске ұшырайды".
Қазақстанның қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Тәуелсіздіктен кейінгі алғашқы негізгі заңның күші жойылып, жаңа конституция қабылданған соң президент билігі ерекше нығайып, күшті президенттік басқару жүйесі қалыптасты. Сарапшылардың көбі сол Конституция қабылданған соң Қазақстанда авторитарлық билік қалыптасты деп санайды. Одан бері де Конституцияға өзгерістер енгізіліп, көбіне президент билігін нығайтатын баптар қосылып отырды.


https://youtu.be/UI8mEZfYZLI
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив