19
август
2019
"Жүректен жүрекке!" ұранымен "Мектепке жол" акциясы
Мектебімізде "Жүректен жүрекке!" ұранымен "Мектепке жол" дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы өтілуде. Акцияның мақсаты көп балалы, аз қамтылған жартылай жетім және ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылында мектепке келе алмау қауіпінің алдын алу мақсатында көмек көрсету. Осы акцияға ата - аналар тарапынан демеушілік жасалынып, 1 оқушы мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтылды. Сонымен қатар мектеп ұстаздары атынан да 2 оқушы мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтылды.