Туған жер - тұнған шежірем » Жамбыльская область Сарысуский район Сш Абылайхана
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 40008
Есепші бөлімі:
+7(72634) 40008
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2019

Туған жер - тұнған шежірем

        Туған өлке төсіндегі тылсым табиғат пен тамыры терең тарихты, шаруашылық пен саясатты, мәдениет пен тұрғындардың тіршілік ету әрекетін қосып, адамға ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану, мәселе ретінде өзінің өзектілігін жойған емес. Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады.
Қоршаған ортасына, ата-анасына, туған-туысына деген ыстық ықылас Отанға деген сүйіспеншілікке ұласса, ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. 
       Өскелең ұрпақтың жадына ғасырлардан келе жатқан халықтың асыл мұрасы төл тарихымызды сіңіру мақсатында 7 "А" сынып оқушылары "Туған жерім - тұнған шежірем" тақырыбындағы сыныптан тыс уақытта танымжорық сапарларын Саудакент ауылының тарихи-өлкетану мұражайынан бастады. 
Тарихи-өлкетану мұражайы өңіріміздің тарихынан сыр шертетін құнды тарихи жәдігерлерге бай. 
      





Рухани құндылықтарды танытуда, оқушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және туған өлке тарихына қызығушылығын қолдау және дамыту мақсатында  қара қобыздың киесі атанған ұлы Ықылас Дүкенұлының мемориалына және  Ысты Тілік бабаға арналған ескерткішке тоқталды.
Ықылас Дүкенұлының мемориалы.
Ы.Дүкенұлы кесенесі республикалық деңгейде қорғауға алынған. Ықылас Дүкенұлының музыкалық мұрасы мол. Ықылас атамыздың ең асыл ойларын қобыздың үн-дыбысының ішектеріне сіңірілген күйлерімен танысты. Ықылас Дүкенұлы мемориалының ортасында жазбалары бар тақта орнатылған. Мұнда Ықылас Дүкенұлы жерленген бейіттен (Шығанақ ауылның солтүстік-шығыс жағынан 30 км жерде Шу өзеннің етегінен) бір уыс топырақ әкелініп, мемориал басына құлпытас орнатылған екен. 
 

Ысты-Тілік баба мемориалдық кешені.

 
Ел мен жер тарихынан сыр шерткен әсерлі саяхаттан кейін оқушылардың өздерінің туған өлкесі Сарысу өңірінің тарихын зерттеп білуге деген құлшыныстары, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдері арта түскені байқалды. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Tara
2 октября 2019 04:31
На нашем сайте вы можете найти все про Kia фото и новости на http://kiaforum.lv
Cheryl
17 октября 2019 04:49
На нашем сайте вы можете найти все про 190a.ru