16
май
2019
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген.
Отбасы - адамзаттың баға жетпес байлығы. Ол барлық заманда даму мен тұрақтылықтың негізгі факторы, мемлекеттің нығаюы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруына тікелей әсер етуші және көмекші құрал болып табылды.

Мектеп директоры К.Сарсекова Халықаралық отбасы күніне арналған ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында балалардың қауіпсіздігі тақырыбында бейнероликтерді көрсету арқылы мектеп директоры отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі екенін айтып кетті. Ата-аналар тек қана бір күн емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяны ыстық ықыласпен шексіз махаббатқа бөлей жүру маңызды деген ой-пікірлерімен бөлісті.