13
сентябрь
2019
Елу жылда –ел жаңа
Жаңатас қаласының 50 жылдық мерейтойына тарту
1969 жылы тау қопарып, жер қазған кеншілер Қаратаудың қойнауынан жаңа қаланың іргетасын қаланған.. Болашақ фосфор өндірісінің ірі орталығы болар елді мекенге Жаңатас деген атау берілді. Жаңатастан шығатын Жамбылдың фосфоры әлемге әйгілі болды. Кеншілер қаласы атанған Жаңатас өзінің жарты ғасырлық мерейтойын салтанатпен атап өтті.
Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің 7"А" сынып оқушылары да тынысы мен тіршілігі біте қайнасқан туған өлкесіне қосқан үлесі ретінде қазыналы қаланың орталығында орналасқан "Данқ монументінің" макетін жасады.




