Республикалық референдум туралы
Республикалық референдум ұғымы 1. Республикалық референдум - Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру. 2. Референдум Республиканың бүкiл аумағында өткiзiледi. 2-бап. Республикалық референдум талқысына қойылатын мәселелер Референдумның талқысына: 1) Республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын