Мектеп қоғамның талаптарына бүгінгі күні жауап беруі үшін, оған қоғаммен диалог құрып, шынайы ашық жүйе болуы қажет
«САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ»КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы
Хаттама №2
13.03.2019 ж. Жаңатас қаласы
Төрағасы : Т.Нұртаев
Хатшысы : А.Ережепова
Қатысқандар:
- Нуртаев Тастанбек-қамқорлық кеңес төрағасы.
- Романов Нағашбек-маслихат депутаты
- Абдихаев Бахытжан – жеке кәсіпкер
- Сабырбекова Баян- ана жұмыссыз
- Байшора Аяулым –АІІБ ЮПҚ
- Досканова Айгул –ата-ана
- Сарсекова Кенжекул-мекеме басшысы
- Ережепова Асель-хатшы
Күн тәртібі
- Білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыныу сапасын, қайрымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есеп. /К.Сарсекова - мекеме басшысы/
- Мектеп инспекторының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі. /А.Байшора/
Тыңдалды:
К.Сарсекова: 2018-2019 оқу жылында мекеме мақсаты: Оқытудың жаңа иннова-
циялық өзгерістерін енгізу арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптас-
тыру ,білім сапасын арттыру, ой-өрісі дамыған,шығармашыл тұлға-
ны нәтижеге бағыттап ,тәрбиелеу.
ҚР білім және ғылым министірінің 2017 ж 27.07 №355Бұйрығымен
бекітілген. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмы-
сын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары»
бойынша 3 тарауы«Қамқоршылық кеңестің өкілеттілігі» 8 тармағы
негізінде білім беру ұйымы басшысы білім беру ұйымының қызметі
туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайрымды-
лық көмектің жұмсалуы және жетім ата-аналардың қамқорлығынсыз
қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды
қабылдау туаралы есебі тындалды делінген.
Осы мақсатарға жету – мекеме қызметкерлерінің басты жұмысы .
Сондықтан сіздері осы мақсатпен жинап отырмыз. 2018-2019оқу
жылында мектепке «лицей» статусы берілді, жарғы қайта бекіліді.
Қазіргі таңда мектепте 968 оқушы, 96 тәрбиеленуші білім алуда.
41 сынып.Оның 194 оқушысы бір мезгіл берілетін ыстық тамақпен
қамтылған.
Мектепте оқушылар міндетті мектеп формасын сақтап, ҚРБҒМ 2016
ж. 14.01 күнгі № 26 бұйрығы негізінде жұмыс жүргізіліп, нәтиже
берілді. Білім сапасы І тоқсанда – 58%, ІІ тоқсанда - 65% үлгерім сапасы 100% құрап отыр.
Жыл басында мектептегі оқушылардың ата-аналарымен келісім
шарт жасалынып, ата-ана,мектеп арасындағы міндеттер көрсетілген.
Мектепке тасмалданып 22 оқушы оқиды. «Білім туралы» заңның 6
бабының 1 тарауы 2 тармақшасына, аудандық масли-хаттың 2012ж.
27.03 №3-9 шешімі негізінде, 2019ж. 28.01 мектепішілік №65 бұй-
рығы негізінде.
Мектепте «Мектепке жол» акциясы бойынша жағдайы төмен отбасы балаларына қайрымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінен жас ерекшеліктеріне қарай аз қамтылған, жартылай жетім, жетім оқушыларға әлеуметтік көмек алатын оқушыларға киім-кешек, аяқ-киім, жанажылдық сыйлықтар берілді.
Мектеп соңғы жылдары өз тарапынан көмек қолын созатын демеу-шілерді тарту жұмысын жақсы жолға қойған. «Жүрегім толы мейірім» атты қамқорлық акциясы тұрақты өткізіліп тұр.
Биыл денсаулығы бойынша үйден оқытылатын 10 сынып оқушысы Қойжан Зульфанға мектеп мүғалімдері тарапынан 46000 (қырық алты мың) теңге көлемінде қайрымдылық көмек көрсетілді.
Қайырымдылық бойынша ақпан айында іс-шара жүргізіліп жеті ата-анаға 3000 тенгеден канцеляриялық заттарға беріліп, көпбалалы отбасыларына киім түрі де берілді. Міндетті түрде қамқоршылық кеңес мүшелерінің келісімімен.
Мектептегі олимпиада , аудандық байқауларға оқушылар да, мұғалімдер де қатысуда. (таныстырылым,слайд , атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер көрсетіледі. )
Мектепте 91 мұғалім қызмет атқаруда. Олардың 16-жоғары санатты, 26 -бірінші санатты, 26- екінші санатты, санаты жоқ 22 мұғалім. 14 мұғалім атестаттаудан өтіп біліктілігін дәлелдеді.
Әр ата-ананың өтініштері қаралып, мемлекттік қызмет көрсету бой-ынша жұмыстар жүргізілуде.
ОЖСБ және ҰБТ байланысты қосымша жұмыстар жүргізіліп, сіздердің келісімдеріңіз бойынша ақылы тесттер алынуда.
Қазіргі таңда мектепте отбасында 1(бір) баласы бар 30 (отыз) отбасы бар, толық емес отбасы саны 135 (жүз отыз бес), жартылай жетім отбасынан шыққан оқушылар (анасы –әкесі қайтыс болған) 64; көп балалы отбасынан шыққан - 409 оқушы болып тұр: ал жетім -5 оқушы бар. Бұл 5 (бес) оқушы міндетті түрде мектептің басты назарында. Жұмағали Самат, 5 «В» сынып оқушысы , ата-апасының, Абдырасилов Ерболат, 9 «Б» сынып оқушысы, апкесінің, Нысанбек Нұрбек, 7 «А» сынып оқушысы, Нысанбек Нұрбибі, 10 «А» сынып оқушысы, ата-апасының қолында тәрбиеленуде.
Самат пен Ерболатқа пәтерлер беріліп, олар бірінші кезекте қала сыртындағы лагерьге, іс –шараларға тартылады.
2018-2019 оқу жылында 37 оқушы сенімхат бойынша мектепте білім алуда.
Оқу жылының 28 тамыз күні 2018ж. Жалпы ата-аналар жиналысында ата-аналарға ҚР «Білім туралы» заңының 49 бабы, 47 бабы, жарғы, ішкі тәртіп ережесі таныстырылып, ата-аналар арасында талқылау жүріп, түнгі демалыс, мерекелік күндердегі оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарының нәтижесінде қазіргі таңда аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған оқушы жоқ.
Қамқорлықсыз немесе панасыз қалған оқушы тіркелмеген.
Дегеніменде кемшіліктер орын алған жағдайда жою бойынша жұмыс-тар жүргізіледі. Мектепте оқушылар телефон әкелуін, кешігуін, дайындықсыз келуін тоқтатпауда. Ол бойынша ата-аналарға ескертіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ата- ана қадағалау қажет. Мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, деңгейлік курс бойынша, үш тілділік бойынша курстармен қамтылуда. Іс – сапар шығындары төленеді, айлық жалақысы сақталады.
Сөйлегендер:
Т.Нұртаев: Сіздерге қазіргі таңда не қажет? Мен мектепке жиі келіп тұрамын. Немерелерімнің сабағына жиі қатысамын, мұғалімдерге жолығамын жұмыс бар. Менің түсінгенім – оқушыны ата-ана білімі бойынша қадағаламайды. Оған өзімнің көзім жетті.
К.Сарсекова: Мектепке ұлдар,қыздар (жаб. кабинетіне заттар қажет, муз. аппаратура, қоршау, беседка) шатыр, парталар. Биылғы жөндеу жұмыстарына сұраныс берілген. Асханалық жабдықтар.
Тыңдалды: Мен Абылай хан мектеп – лицейіне инспекторы болып бекітілдім. Мектепке аптасына келіп білім алушылардың арасында іс-шара, кездесу өткізіп отырамын. Қазіргі таңда Сарысу АІІБ –не қандай деректер және әкімшілік құқық бұзушылықтар орын алып, Сарысу АІІБ – не қандай деректер тіркелгені туралы тоқталсам: Жалпы Сарысу ауданы аумағында 8643 жас өспірім оқиды, оның ішінде қала бойынша – 4179, ауыл аймақ бойынша – 4464 оқушы қамтылған. Сонымен қатар, аудан бойынша жалпы саны 27, мектеп, 3 – колледж бар. Сарысу АІІБ тізімдік есебінде 9 жасөспірім тіркелген. Былтырғы жылдан 3 балаға азайды, аталған мектептен оқушы жоқ. Жайсыз отбасы ретінде 27 отбасы алынған, бұл мектептен жоқ. Аудан әкімі жанындағы кәмілетке толмағандардың ісі жөніндегі коммисияға 5 іс құжат жолдайды. Бейімдеу орталығында 3 жасөспірім орналастырылды. Абылай хан мектеп-лицейінің оқушылары тарапынан құқық бұзушылық тіркелген жоқ, қылмыстық іс қозғалған жоқ. Мен өз тарапымнан оқушыларға құқық бұзушылық бойынша, шомылу, тәртіп, өрт,тағы басқа жұмысты тақырыптар бойынша слайдтар, үзінділер көрсетудемін. Оқушылар өз тарапынан сұрақтар қояды. Мектеп әкімшілік мүшелеріне рахметімді білдіремін. Сыныптарды ұйымдастырып, интерактивті тақтаны қамтамасыз етіп, жұмыс жүргізуге ықпал етеді.
Осы нәтижелі жұмыстың көрсеткіші: есепте оқушы жоқ.
Сөйлегендер:
Н.Романов: Ал мектепішілік есепте оқушыц бар ма?
А.Байшора: 2018-2019 оқу жылында 4 (төрт) ұл бала есепте тұрған, 2019 жыл қаңтар айында мектепішілік есептен алынды.
Қабылданған шешім:
- Мектеп-лицей директорының есебі «қанағаттанарлық» деп есептелінсін.
- Сарысу АІІБ-нің ЖПҚБ-нің ЮПТ-ның аға инспекторы аға лейтенанты А.Байшораның атқарған жұмыстары бойынша есебі «қанағаттанарлық» деп танылсын.
Төраға: Т.Нұртаев
Хатшы: А.Ережепова