НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ "ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫН" АТАДЫ » Жамбыльская область Сарысуский район Сш Абылайхана
Қабылдау бөлімі :
+7(72634) 40008
Есепші бөлімі:
+7(72634) 40008
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ "ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫН" АТАДЫ
23
ноябрь
2021

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ "ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫН" АТАДЫ

Қазақстан Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұр Отан партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа үндеу жолдайды. «Осы орайда жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынамын. Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар», - деген Нұрсұлтан Назарбаев «жеті тұғыр» деп атаған ұғымдарға жеке-жеке тоқталды.
Олар: Бірінші. Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.
Екінші. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.
Үшінші. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.
Төртінші. Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі.
Бесінші. Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі.
Алтыншы. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.
Жетінші. Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі. «Жерден қасиетті ешнәрсе жоқ. Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым. Тарихымыздағы соғыс атаулының бәрі ел мен жерді қорғау үшін болған. Біз Тәуелсіздікті жариялай салысымен шекарамызды құжат жүзінде бекітіп алуға күш жұмсадық. Адамзат тарихында, тіпті қазіргі кезеңде де даулы территорияның соғысқа, қантөгіске алып келгенін көріп отырмыз», - деген Елбасы өзінің «өскелең ұрпақты осындай қауіптен сақтап қалу үшін барын салғанын» айтады. «Енді ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/nursultan-nazarbaev-eldiktin-zheti-tugyryn-atady_a3866023
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив