Қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы
«САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ»КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы
Хаттама №6
Жаңатас қаласы 23.05.2019ж
Төрағасы : Т.Нұртаев
Хатшысы : А.Ережепова
Қатысқандар: Мектептің Қамқоршылық кеңес мүшелері
Мектеп әкімшілігі, 11 сыныптың ата-аналары.
Қатысқан ата-аналар: 9
Күн тәртібінде
- Мектеп бітіру кеші туралы.
/И.Оңалбекқызы/
Тыңдалды:
И.Оңалбекқызы: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2019 жылғы 10 сәуірдегі №01-1854 хатында жалпы білім беретін ұйымдарында «Болашақ-жастардікі» тақырыбында 12 маусым күні мектеп бітіру іс-шарасы ұйымдастырылатындығын хабарлады. Мектеп бітіру кештерін кафелерде, мейрамханаларда және басқа да ойын-сауық мекемелерінде өткізуге және мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға тыйым салынады. Мектеп бітіру кештерінің өту барысында оқушылар мектеп Жарғысында бекітілген мектеп формасын, шаш үлгісін, автокөлік шерулерінің болмауын қатаң сақтау қажет. 25.05-12.06 күнгі мектеп бітіру кеші мектептің ғимаратында өткізуге рұқсат етіледі.
Сөйлегендер:
М.Бимуратова: Ақпан айында Сейфулин, Ш.Уалиханов, М.Ауезов м/г осы үш
мектеп «Тұмар» мейрамханасына келіп тапсырыс берген. Бір екі күнен кейін келіп өшіріп кетті. Мамыр айында сол мектептер қайтадан келіп, тапсырыс беріп кетті кеш жасауға.
Қ.Атышова: Біздің балаларымыздың қолдарына сертификат, аттестат алмағанынша ешқандай кеш болмайды.
Т.Нұртаев: Мен қамқоршылық кеңес төрағасы ретінде, сіздерге мектеп бітіру кешін білім мекемесінде жасауды ұсынып, ата-аналар жауапкершілікпен қарауды міндетке алу керектігін айтамын.
Т.Керімбаева: Балаларымыз сертификат алғанға дейін ешқандай кеш болмайды. Олар ҰБТ-ға дайындалсын.
Б.Абдихаев: Мектеп бітіру кешін жасау қажеті жоқ. Себебі талап қойылып жатыр. Болашақта әлі талай кештер бар.
Қабылданған шешім:
- Оқу жылын аяқталуына байланысты мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде ұйымдастыруға тиым салынсын.
- Мұғалімдерге сыйлық алу үшін қаражат жиналмасын.
- Оқушылардың 25 мамыр және 12 маусым күндері тәртіптерін қадағалау ата-аналарға міндеттеле отырып, мектеп әкімшілгі тарапынан кезекшілік ұйымдастырылсын.
/И.Оңалбекқызы/
Төрағасы: Т.Нұртаев
Хатшы: А.Ережепова

