ҰБТ болатын күні оқушыларды тест орталығына тасымалдау туралы.
«САРЫСУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ
МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
20.05.2019 ж Жаңатас қаласы
Қамқоршылық кеңес
хаттамасы № 5
Төрағасы: Т.Нұртаев
Хатшы-А.Ережепова
Кеңес мүшелерінен
Т.Нуртаев-кеңес төрағасы
Ш.Бекбергенова– кеңес мүшесі
А.Байшора – кеңес мүшесі
А.Досканова –кеңес мүшесі
Б.Абдихаев -кеңес мүшесі
Қатысқандар:
Ғ.Хұлтабарова 11 «А» сынып жетекшісі
18 ата-ана және 18 оқушы
Күн тәртібінде:
1. ҰБТ болатын күні оқушыларды тест орталығына тасымалдау туралы.
Тыңдалды:
К.Сарсекова- 2018-2019 оқу жылында мектебімізден 18 оқушы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді және осы оқушылар базаға енгізілді.Алимбеков Асылбек наурыз айындағы ақылы негізінде өткізілген ҰБТ қорытындысы бойынша алған сертификатымен ақылы оқу орнына баратындығын айтып, өз еркімен ата-анасымен бірге өтініш жазды. Республика көлемінде ҰБТ 2019 жылдың 20 маусым 5 шілде аралығында өткізіледі. Біздің ауданда қай күні болатыны әзірге белгісіз. Бірақ оқушыларды сол күні ұйымдасқан түрде тест орталығына тасымалдау керек.
А.Утеулиева –ҰБТ болатын күні оқушылар таңертең сағат 6.45-те мектеп алдына жиналулары керек. Сағат 7.15-те тест орталығына апаратын көлік дайын болу керек.Өйткені, сағат 7.50-ден бастап ҰБТ-ға қатысушыларға арналған лездеме өткізіледі.Одан әрі қарай оқушыларды мектептермін ішке кіргізеді.ҰБТ сағат 9.00-де басталады. Сол себепті, оқушыларымыздың ҰБТ-ға кешікпеуі қажет. Балаларыңыз ҰБТ-ға қатысатын болғандықтан, өз тараптарыңыздан психологиялық қолдау көрсетіп, демалдырып, тынықтырып, жеңіл тамақ берулеріңіз қажет.
Сөйлегендер:
Т.Керимбекова –Мен , мектеп бітіруші түлектің ата-анасы ретінде, балаларымыздың жағдайын жасап, қолдау көрсетіп, ҰБТ-ға кешіктірмей уақытында апаруымыз керек деймін. Сынақ алдында қобалжу, қорқыныш , үрей сезімдерін болдырмау үшін барынша қолдау көрсетеміз. Сол күнгі дұрыс тамақтану режимдеріне баса қөңіл бөлеміз.Сондықтан, балаларды тест орталығына уақытылы апарып және алып қайту үшін көлікті өз тарапымыздан ұйымдастырамыз.
Б.Атенов- Иә, ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыру үшін балалардың жағдайын жасайық. Көлікті тауып, аман-есен апарып келуді өз міндетімізге аламыз.
Қабылданған шешім:
- 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ға тасымалдау ата-аналар тарапынан ұйымдастырылсын.
/Жауапты-Ата-аналар/
- Оқушыларды белгіленген уақытта кешіктірмей жинау әр ата-анаға және сынып жетекші Ғ.Хұлтабароваға міндеттелсін.
Төрағасы: Т.Нұртаев


